Ұлттық банк Forbes.kz сарапшысының пікірін арандатушылық ретінде бағалайды

933

ҚР Ұлттық банкі Forbes.kz-те жарияланған: "Сарапшы: 5 жылдан кейін БЖЗҚ-ға зейнетақы төлеу үшін ақша жетпеуі мүмкін" деген жарияланымға жауап берді.

Ұлттық банк Forbes.kz сарапшысының пікірін арандатушылық ретінде бағалайды

Қазақстан Ұлттық банкі сарапшының пікірін ешқандай есептерге негізделмеген деп есептеп, БЖЗҚ-ның бес жылдан кейін төлем жасау қабілетсіздігі туралы тұжырымын арандатушылық ретінде бағалайды, деп хабарлайды бас банктен.

"Мақалада көрсетілгендей, БЖЗҚ зейнетақы активтері 2017 жылы Халық банкінің 2 трлн теңге сомаға мәмілесін қаржыландыруға пайдаланылған жоқ. БЖЗҚ зейнетақы активтері инвестициялау процесінде алынбайды, олар нарықтық талаптармен, сондай-ақ БЖЗҚ Инвестициялық декларациясында белгіленген талаптарға және шектеулерге сәйкес мерзімділік, төлемділік және қайтарымдылық қағидаттарымен түрлі қаржы құралдарына орналастырылады. Барлық зейнетақы активтері дербестендірілген. Әрбір салымшы қалауы бойынша кез келген сәтте өзінің жеке зейнетақы шоты бойынша қаражаттың қозғалысын бақылай алады", - дейді бас банк.

Бас банктің  мақалаға жауабында қор қызметінің жұмыс істеу қағидаттары ашық екенін айтады, мысалы ретінде 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша деректерді көрсеткен.

"БЖЗҚ жүргізген актуарлық есептерге сәйкес, алдағы 5 жылда келіп түсетін зейнетақы қаражаты ұлғайып, бұрынғыдай жіберілетін қаражаттан асатын болады. Мәселен, 2019 – 2023 жылдар аралығындағы кезеңде БЖЗҚ-ның болжамдары бойынша зейнетақы жарналарының жиынтық көлемі шамамен 5 трлн теңге болады, ал төлемдердің жиынтық көлемі 1,3 трлн теңгені құрайды", - дейді бас банктен.

Бас банк Forbes.kz-тегі сарапшыдан не өз есебін ұсынуды не БАҚ-та теріске шығаруды жариялауды сұрайды. Олай болмаған жағдайда, Ұлттық банкі өзіне сотқа жүгінбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу