Ұлттық банк JAMBYL.175 JYL коллекциялық монетасын сатылымға шығарады

374

Мельхиор қоспасынан жасалған JAMBYL.175 JYL коллекциялық монеталары номиналы - 100 теңге, таралымы - 15 000 дана.  

Ұлттық банк JAMBYL.175 JYL коллекциялық монетасын сатылымға шығарады Фото: nationalbank.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі 2022 жылғы 17 қарашадан бастап "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан JAMBYL.http://inbusiness.kz175 JYL коллекциялық монеталары сатылымға шығатынын хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Монеталар платформасында ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады.

"JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, номиналы 100 теңгелік, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, таралымы 15 000 дана.  Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері бар. Жиегі "QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазумен айналдыра көмкерілген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін "100 TEŃGE" жазуы бар.

Монетаның реверсінде Жамбыл Жабаевтың портреттік бейнесі көрініс тапқан, орта тұсында ақынның "Артықша туған азамат" өлеңінің жолдарын оқуға болады. Жиегінде "JAMBYL" және "QAZAQ HALYQ AQYNY" жазулары айналдыра басылған", - делінген хабарламада.

JAMBYL.175 JYL коллекциялық монеталары белгіленген құнына сай ел аумағында барлық төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстанның барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылданылады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу