Ұлттық банк қаржы секторындағы ақпараттық қауіпсіздікке байланысты тәуекелдерге мониторинг жүргізеді

1136

Ұлттық банк қаржы секторындағы ақпараттық қауіпсіздікке байланысты тәуекелдерге мониторинг жүргізеді

Бірқатар елдерде банк жүйелері мен қаржы институттарына ықтимал кибершабуыл туралы ақпараттың пайда болуына байланысты Қазақстанның Ұлттық банкі елдің қаржы секторындағы ақпараттық қауіпсіздікке байланысты тәуекелдерге мониторинг жүргізбекші, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Интерфакс-Казахстан".

Ұлттық банк ақпараттық қауіпсіздік саласында ұзақмерзімдік жүйелік шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс және кредит-қаржы саласында компьютерлік шабуылдарға қарсы іс-қимыл  шеңберінде шетелдік орталық банктермен және еліміздің екінші деңгейлі банктерімен ынтымақтастық орнатқан, делінеді хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу