Ұлттық банк кәсіпкерлер үшін қолма-қол ақша алуға лимит қойды

1155

Ал электрондық транзакцияларға ешқандай шектеу жоқ.  

Ұлттық банк кәсіпкерлер үшін қолма-қол ақша алуға лимит қойды

Ұлттық банк заңды тұлғалар үшін қолма-қол ақша алудың талаптарын өзгертті, деп хабарлайды Atameken Business.

Яғни, енді бизнес субъектілеріне ауқымына қарай қойылған лимит шеңберінде ғана қаражат беріледі. Сонымен, шектеу талаптары мынадай: бір ай ішінде шотынан шағын бизнес – 20 млн теңге, орта бизнес – 120 млн теңге, ал ірі кәсіп 150 млн теңге ғана шешуге құқылы. Егер одан артық сома алынатын болса, онда заңды тұлға банкке арнайы өтініш жасап, мұқтаждығын түсіндіруі қажет.

Бірақ мұндай жағдайда да өтініш қабылданбауы мүмкін. Себебі 3 күн ішінде оның есеп-қисабына Мемлекеттік кірістер комитеті тексеру жүргізіп шығуға міндетті. Соның нәтижесін де ғана рұқсат беріледі.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиеваның түсіндіруінше, бұл банктерде ақша айналымы жеткілікті деңгейде жүруі үшін, әрі көлеңкелі бизнесті бұғаттап, анықтау үшін жасалып отырған шара. Лимит  қоюы – 1-ші маусымға дейін жалғасады. Есесіне, электрондық транзакцияларға ешқандай шектеу жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу