Ұлттық банк кәсіпкерлерге 600 млрд теңге қарыз береді

891

Несие айналым қаражатын толықтыру үшін рәсімделеді. 

Ұлттық банк кәсіпкерлерге 600 млрд теңге қарыз береді

"Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасы арқылы кәсіпкерлерге 6%-бен 5 жылға берілетін қарыз көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Ал "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы арқылы 10 жылға рәсімделетін несиенің көлеміне шектеу қойылған жоқ. 

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша кепілдік қарыз сомасының 85%-ын құрауы мүмкін. "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша кепілдік несиенің 50%-на пара-пар болуға тиіс. 

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл шағын және орта бизнеске қызмет түріне қарамастан бағдарламаға қатысуға және жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша тауарлар мен қызметтер тізімі кеңейтілді. Осы бағдарлама бойынша несиелеудің жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды", – деді министр. 

Оның сөзінше, Ұлттық банк шағын және орта бизнеске, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге салалық шектеусіз жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосты. 

"Несие айналым қаражатын толықтыруға 1 жылға 8%-бен беріледі. Бұл бағдарламаға 600 млрд теңге бөлінді. Жалпы, несиелендіру көлемін ұлғайту үшін көптеген шектеулер алынды. Тетіктер жеңілдетіліп, қарыз көлемі көбейтілді", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу