Ұлттық банк Қазақстан банктеріне 600 миллиард теңге бөледі

783

Ұлттық банк Қазақстан банктеріне 600 миллиард теңге бөледі

Ұлттық банк 600 миллиардтан астам теңгеге бірден бірнеше қаржы ұйымдарына көмектеседі, деп хабарлайды 7kun.kz
Қаржы тұрақтылығы бағдарламасына бес ұйым қатысады: Еуразиялық банк, АТФ, ЦентрКредит, Цеснабанк және Bank RBK .
Ең көп қаражат Bank RBK-ға беріледі. Ұлттық банктен субординацияланған несие түрінде қолдау 240 млрд теңге көлемін құрайды. Бұдан басқа, 2017 жылы 7 қарашада реттеуші орган, үкімет, Bank RBK және қаржы институтын жетілдіру мақсатында "Қазақмыс" корпорациясының жаңа инвесторы арасында келісімге қол қойылды. Корпорацияның капиталдандыру туралы міндеттемесі аясында 160 млрд теңге көлемінде  қосымша қаражат құю күтіледі.
Келесі кезекте Еуразиялық банк. Қаржы институты 150 млрд теңгеге субординацияланған облигациялар шығарады. Бұл қаражат экономиканың әртүрлі секторларына несие беруге бағытталатын болады.
Цеснабанк пен АТФ әрқайсысы 100 миллиард теңгеден алады.
Қазақстандық тұрақтылық қорының реттеушісі қаржы ұйымдарының реттелген борыштық бағалы қағаздарын аталған сомаға 15 жылға 4 пайыз мөлшерінде алады. ЦентрКредит банкі 60 млрд теңгені иеленеді. Шарттарға сәйкес субординацияланған облигацияларды сатудан түскен қаражат бастапқыда Ұлттық банктің ноталарын сатып алуға жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу