Ұлттық банк қазақстандық банктердің ақша өтімділігін шектеп жатыр

154

ҚР Ұлттық банкі талдаушылары Қазақстан мен аймақтағы елдерде минималды резервтік талаптарды қолдану тиімділігін зерделеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық банк қазақстандық банктердің ақша өтімділігін шектеп жатыр Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі "Ақша-кредит саясатының құралы түріндегі минималды резевтік талаптар: халықаралық тәжірибе мен қолдану ерекшеліктері" тақырыбында аналитикалық жазба мен презентация жариялады.

ҚҰБ өзгермелі жағдайларда ақша-кредит саясатының құралдарын жетілдіру үшін оның тиімділігін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Әлемдік тәжірибеде минималды резервтік талаптар (МРТ) механизмі бұрын сақтандыру құралы түрінде және ақша ұсынысына ықпал ету тәсілі ретінде қолданылды. Бүгінгі тәжірибеде МРТ өтімділік пен ақша нарығының қысқамерзімдік мөлшерлемелерін басқару үшін пайдаланылады.

"МРТ құралы көршілес елдерде қалай қолданылатынын зерделеу үшін ҚҰБ талдаушылары аймақтағы — Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан орталық банктерінің тәжірибесін зерттеді. Соның нәтижесіне сәйкес, аталған елдерде (Қазақстанды есепке алмағанда) ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша орташа МРТ нормативі 4-4,5%, ал шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша шамамен 15% деңгейінде. Қазақстанда МРТ нормативтері айтарлықтай төмен (2%, 0%, 1%, 3%), бұл өтімділіктің құрылымдық профициті жағдайында олардың тиімділігін айтарлықтай шектейді", - делінген банк хабарламасында.

Талдау нәтижелері орталық банктердің сарапшыларымен өткен кездесуде талқыланды. Аймақтағы елдерде МРТ қолданудың салыстырмалы талдауы мен қорытындылары, сондай-ақ Қазақстанда пайдалану перспективалары аналитикалық жазбада және презентацияда қамтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу