Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы борышы туралы мәліметтерді жариялайды

157

Сыртқы борыш белгілі уақыттағы өтелмеген резиденттердің бейрезиденттер алдындағы негізгі борышты немесе пайызды төлеуді талап ететін нақты және сөзсіз міндеттемелерін білдіреді.

Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы борышы туралы мәліметтерді жариялайды Фото: dalatimes.kz

Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша деректерді жариялаудан бастап, Қазақстан Республикасының сыртқы борышын алдын ала бағалауды жариялауға кіріседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі Статистикалық ақпараттың шығу кестесіне сәйкес есепті тоқсан аяқталғаннан кейін 90-күні сыртқы борыш бойынша есепті деректерді жариялаған болатын. Енді оған қосымша ҚР сыртқы борышын алдын ала бағалау жарияланатын болады.

Мұндай жарияланымдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінде, тиісті кезең үшін төлем балансын алдын ала бағалау туралы ақпарат шығарумен бір мезгілде жүзеге асырылады.

– Қазақстан Ұлттық банкі жарияланатын статистикалық және талдамалық ақпарат көлемін кеңейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Бұл жарияланым елдің сыртқы сектордағы позициясын неғұрлым уақытылы баға беруге мүмкіндік береді және мемлекеттік органдарға, сарапшыларға, зерттеушілерге, рейтингтік агенттіктерге пайдалы болады, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу