Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызына қатысты ақпарат берді

920

Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызына қатысты ақпарат берді

Ұлттық банк қазіргі сыртқы қарыздың көлемін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметовтың айтуынша, 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайа бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы 167,9 млрд АҚШ долларын құраған. Оның ішінде 7,9 пайызы немесе 13,2 млрд доллар мемлекеттік сектордың, 3,7 пайыз немесе 6,2 млрд доллар банк секторының, 25,2 пайыз немесе 42,4 млрд доллар басқа да секторлардың, қалған 63,2 пайызы немесе 106,1 млрд доллар фирмааралық секторлардың қарызы.

"Мемлекеттік сектордың сыртқы қарызы халықаралық қаржы нарығына шығарылған еркін еврооблигациялардың құнының өсуіне байланысты және Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарына резидент емес тараптардан сұраныстың артуына байланысты 0,4 млрд долларға көбейді. Банктердің (екінші деңгейлі банктер мен "Қазақстанның даму банкі" АҚ) сыртқы міндеттемелері 1,0 млрд АҚШ долларына азайды. Оның ішінде, қазіргі сыртқы қарыз бен еврооблигацияларды жоспарлы түрде өтеу бар", - дей келе, фирмааралық қарыздардың 1,8 млрд АҚШ долларына дейін көбеюінің себебін түсіндірді.

"Мұнай-газ жобаларын қаржыландырудың жалғасуына әрі инвесторлардың алдындағы дивиденттермен қарыз сыйақыларын өтемеу себептеріне байланысты фирмааралық қарыздар 1,8 млрд АҚШ долларына дейін көбейді", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу