"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ компания акционерлерінің құрылымында өзгеріс болғанын хабарлады, деп жазды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
20 шілдеде (00 сағат 00 минут) Ұлттық банк пен "Самұрық-Қазына" АҚ арасындағы Қазатомөнеркәсіп акцияларын елдің ұлттық қорына сатып алу бойынша биржадан тыс мәміле аяқталды.
Осы транзакция нәтижесінде "Самұрық-Қазына" АҚ үлесі 75%-дан 62,99336549%-ға дейін төмендеді.
Қазақстан бағалы қағаздар орталық депозитарийінің ресми деректері бойынша "Самұрық-Қазына" АҚ сатқан 12,00663451% үлесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің иелігіне өтті.
Ұлттық банктің ресми мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстан Үкіметі республикалық бюджетті қаржыландыру мақсатында Қазатомөнеркәсіптің акцияларын Қазақстан Республикасының ұлттық қорына сатып алу жөнінде шешім қабылдаған.
Қазатомөнеркәсіптің еркін айналымдағы акцияларының үлесі өзгерген жоқ және Лондон қор биржасында және Astana International Exchange биржасында қосарланған листингпен 25% деңгейінде сақталады.
Қазіргі уақытта компания акционерлерінің құрылымы мынадай: