Ақпараттың өтірік-шынын ажыратып беретін сайтқа сүйенсек, Ұлттық банк қоймасында 2 трлн теңгені термит жеп қойғаны туралы бұл ақпарат жалған.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Ұлттық банк бас қоймасында 2 трлн теңге мөлшеріндегі ұлттық валюта купюраларының жаңа шығарылымы жоғалып кеткені" туралы хабарлама тарап жатыр. Бұл – фейк. Аталған пост @qazinform24 сатиралық аккаунтында жарияланды. Онда ойдан шығарылған жаңалықтар мен шынайы емес хабарламалар жарияланады. Бұл туралы парақшаның профилінде жазылған: "Сатиралық контент. Фейк-ньюс", – деп жазылған сайтта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу