Ұлттық банк қолдан жасалған ұлттық валюта банкноталары тарағанын ескертті

280

Банкноталарды қолдану кезінде жазуларға ерекше назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеру ұсынылады.

Ұлттық банк қолдан жасалған ұлттық валюта банкноталары тарағанын ескертті Фото: Ұлттық банк

Қазақстанның Ұлттық банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұлттық валюта түпнұсқа банкноталарының сыртқы белгілеріне ұқсайтын және "ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!", "НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ" деген бөгде жазбалары бар баспа өнімдерін сатып алуды ұсынатын жарнамалардың таралу фактілері анықталғанын ескертеді. Аталған өнімдер жалған болып саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Аталған жағдайлар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі олардың таралу фактісін тексеру үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне өтініш жолдады.

Сонымен қатар, Ұлттық банк түпнұсқа банкноталарда көзбен көріп тексеру және жанасу кезінде оңай анықталатын бірқатар қорғаныш белгі бар екенін еске салады.

Бұл белгілермен Ұлттық банктің ресми сайтында және Youtube каналында танысуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу