Ұлттық Банк қолма-қол ақшасыз төлемдерді одан әрі жетілдіріп жатыр

867

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Есжан Біртанов айтты.  

Ұлттық Банк қолма-қол ақшасыз төлемдерді одан әрі жетілдіріп жатыр

Ұлттық банк 2019 жылдың қарашадан бастап төлем карточкалары нарығында банкаралық комиссияны оңтайландыру және төмендету үшін Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерімен келіссөздер жүргізген. Есжан Біртановтың айтуынша, бұл қолма-қол ақшасыз төлемдерді одан әрі ілгерілету үшін қажет.

"Нарық бойынша банкаралық комиссияның орташа мөлшері транзакция сомасының 1,7%-ы болады. Сонымен қатар біз отандық екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жүргіздік, өйткені банкаралық комиссияны оңтайландырудан бизнес үшін айтарлықтай нәтижені банктердің тарапынан сауда комиссиясы (эквайрингтік комиссия) төмендетілген жағдайда алуға болады. Бірлескен үлкен жұмыс нәтижесінде біз жекелеген әлеуметтік маңызы бар сегменттерде кәсіпкерлер карточкалық төлемдерге қызмет көрсеткені үшін банктерге төлеген комиссияны төмендетуге қол жеткіздік", – дейді ол.

Эквайер банктің сауда комиссиясы карточка ұстаушысының банкіне (эмитент) төленетін банкаралық комиссияны (егер операция әртүрлі банктер арасында жүргізілсе) қалай қамтиды?

"Бұл төлемдер кейіннен бонус немесе кэшбек түрінде карточка иелерін көтермелеуге берілуі мүмкін. Осылайша, барлық қатысушылардың мүдделерін сақтау үшін оңтайлы нұсқаны табу қажет болды.

2020 жылғы 1 мамырдан бастап, мысалы, медициналық қызметтерге немесе оқуға ақы төлеу кезінде медициналық мекеме немесе білім беру ұйымы банкке бір карточкалық операциядан транзакция сомасының
2,3-3%-ын емес, орта есеппен 1,5%-ын төлейді, бұл 35-50%-ға аз. Жеке тұлғалардан, бұрынғысынша, қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін ешқандай комиссия алынбайды", – дейді ол.

Кейбір сегменттерде (супермаркеттер, жанармай құю орталықтары, авиатасымалдар, т/ж көлігі қызметтері, тез тамақтану мейрамханалары, автомобильдерді сату, почта және телекоммуникациялық қызметтер, коммуналдық төлемдер, бюджетке төленетін төлемдер) халықаралық төлем жүйелері банкаралық комиссияның 1% немесе одан төмен деңгейде белгіленген мөлшерлемесін қолданып жатыр.

Жаңа шаралар топтамасын енгізудің нәтижесінде банкаралық комиссияның дифференциалды мөлшерлемелері қолданылатын сауда мен қызмет көрсетудің (әлеуметтік, жаппай пайдаланудағы) жеңілдік берілген сегменттерінің жалпы үлесі төлем карточкалары пайдаланыла отырып, қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы айналымының 40%-ынан астамын құрайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу