Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын сыртқа шығаруды шектеу туралы мәлімдеме жасады

719

Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын сыртқа шығаруды шектеу туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын сыртқа шығаруды шектеу туралы мәлімдеме жасады

Бүгінгі таңда сыртқы күйзелістердің салдарынан қолма-қол шетел валютасына сұраныс артқаны байқалады.

ҚР екінші деңгейлі банктерде шоттардағы, депозиттердегі және бағалы қағаздардағы қалдық түріндегі өтімді валюталық активтердің жеткілікті көлемі бар.

Соған қарамастан, қолма-қол шетел валютасына деген сұранысты қанағаттандыруда – қолма-қол шетел валютасын басқа елдерден Қазақстанға жеткізу ісінде логистикалық қиындықтар туындап отыр.

Қаржылық тұрақтылыққа төнетін қатерлер мен алыпсатарлыққа қатысты сұраныстың қысымын төмендету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ұсынысы негізінде Қазақстаннан алып шығуға шектеулер енгізілді:

1) 10 000 (он мың) АҚШ доллары эквивалентінен асатын және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің әкету күніне белгіленген бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасына және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарына;

2) тазартылған алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймалары және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтыннан, күмістен жасалған инвестициялық монеталарына, сондай-ақ салмағы 100 грамнан асатын тазартылған алтынға.

Қабылданған бұл шаралар қолма-қол шетел валюталарының шектен тыс сыртқа шығып кетпеуін бақылауды, Ұлттық банктегі резервтердің сақталуын, сондай-ақ жинақ құралдарын әртараптандыруды қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы қаулыға қол қойғанын хабарлаған едік.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу