Ұлттық банк: Криптовалюта айналымының өзі заңға қайшы келеді

819

Ұлттық банк: Криптовалюта айналымының өзі заңға қайшы келеді

ҚР Ұлттық банкі криптовалютамен операцияларды реттеуде неге назар аудару керектігін және криптовалютаға не үшін тыйым салатынын түсіндірді, деп хабарлайды baribar.kz.

"Біріншіден, біздің елімізде біріңғай эмиссиялық орган жоқ және  криптовалюта  ешқандай жолмен сақтандырылмаған. Екіншіден, мұндай сандық валюталар жаһандық деңгейде реттеуді және сақтауды қажет етеді. Біз басқа елдердің экономикасын зерттеп көрдік. Тиісті шешімді мемлекеттік органдармен келісуіміз керек", - деп мәлімдеді Ұлттық банктен.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының заңнамасына сай, екінші деңгейлі банктерге криптовалютамен төлем жасауға тыйым салынған.

"Криптовалютаның эмитенті жоқ. Демек, ешкім оған жауапкершілік алмайды және оның заңды түрде "ақша" немесе "төлем құралы" деген атауы жоқ. Қазақстанның жалғыз валютасы теңге. Криптовалютаға қатысты тікелей заңнама болмағанымен, криптовалюта айналымының өзі заңнамаға қайшы келеді", - деп хабарлайды Ұлттық банк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу