Ұлттық банк қысқамерзімді кезеңде инфляцияны 3-4%-ға дейін төмендетуге басымдық береді

973

Ұлттық банк қысқамерзімді кезеңде инфляцияны 3-4%-ға дейін төмендетуге басымдық береді

Қазақстанның Ұлттық банкі қысқамерзімдік кезеңде инфляцияны 3-4%-ға дейін кезең-кезеңмен төмендетуге басымдық береді, деп мәлімдеді Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев.
"Жолдауға сәйкес Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу принциптерін жүзеге асыруды жалғастырады. Орта мерзімдік кезеңде инфляцияны 3-4%-ға дейін кезең-кезеңмен төмендету міндеті біз үшін басымдықта болады" – деді Данияр Ақышев жұма күні Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысында.
"Сонымен қатар Ұлттық банк инфляция және макроэкономикалық тұрақтылық бойынша мақсаттар арасында тиімді балансты табу арқылы ұзақмерзімдік экономикалық  өсімге ықпал ететін болады", – деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.
"Егер жылдық инфляция  2015  жылы 13,6% болса, ал 2016 жылдың қорытындысы бойынша 8,5% болды. Қаңтардың соңында жылдық инфляция 7,9%-ға дейін төмендеді, яғни Ұлттық банк үшін қазіргі таңда негізгі міндет болып табылатын 6-8% дәлізге қайта түсті", – деп қорытты Данияр Ақышев.
Қазақстанда инфляция 2016  жылы – 8,5%-ды, 2015  жылы 13,6%-ды құрады. 2017 жылдағы инфляцияның мақсатты дәлізі 6-8%-ды құрамақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу