Ұлттық банк қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерге грант береді

829

Жуырда жоба ережелері қабылданды. 

Ұлттық банк қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерге грант береді Фото: inbusiness.kz

Реттеуші қаржылық қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерге грант беру ережелерін бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ереже байқаудың іріктеу процедурасын реттейді, процестің негізгі қатысушыларын, олардың рөлі мен функцияларын анықтайды, жұмыстарды бақылау және алынған қаражаттарды мақсатты пайдалану тәртібін белгілейді. Ұлттық банк 2021 жылы 25 қаңтарда жарияланған қаржылық, экономикалық қызметтердің басым бағыттар бойынша зерттеулерге грант беруді жоспарлап отыр. Жоба іске асқан жағдайда Қазақстандағы экономикалық зерттеулердің дамуына, экономикалық саясаттың сын-тегеуріндерін түсінуді жақсартуға және макроэкономикалық дискурс деңгейін көтеруге ықпал етеді",– деп жазылған Бас банктің хабарламасында.

Гранттар байқау негізінде беріледі. Зерттеу тақырыптарының тізімі, талаптары, таңдау шарттары, өтінімдер қабылдау мерзімі мен әдісі Ұлттық банктің интернет-ресурсында жарияланады. Грантқа академиялық, ғылыми және зерттеу ұйымдары, деректерді жинауға, сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдар өтініш бере алады. Зерттеу жүргізу үшін өтініш беруші тарап орындаушылар командасын жасақтайды. 

"Байқауға қатысу үшін өтінім беруші ұйымға ұсынылған зерттеу әдістемесінің сипаттамасы, оны өткізу жоспары, күтілетін нәтижелер, зерттеушілердің біліктілігі туралы ақпарат, сондай-ақ негіздемесі мен шығын сметасы көрсетілген өтінім жіберілуі керек. Грант беру туралы шешімді грант ұсыну бойынша комиссия қабылдайды, оның құрамына Ұлттық банк пен басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Байқау алды іріктеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін өтінімдер тәуелсіз шолушылардың қорытындылары негізінде қарастырылады", - деп хабарлады реттеушінің баспасөз қызметі. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу