Ұлттық банк макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын жаңартты

877

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2022 жылғы инфляция деңгейіне жасалған болжамды жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық банк макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын жаңартты

"Ұлттық банк негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын жаңартты. 2021 жылы жоғары базадан шығуды және сыртқы инфляциялық қысымның біртіндеп қысқаруын ескерсек, 2022 жылы шарықтау шегі бірінші тоқсанда орташа есеппен тоқсан ішінде 8,8%-ды құрайтын инфляцияның баяулауы болжанып отыр", – деді Ерболат Досаев. 

Ұлттық банк төрағасы жаңартылған базалық сценарийге сәйкес келесі жылы болуы мүмкін инфляцияның нақты пайыздық мөлшерін көрсетті. 

"Мұнай бағасы бір баррель үшін 70 доллар болған жағдайда 2022 жылдың соңына қарай инфляция 6-6,5%-ды құрайды", – деді Ерболат Досаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу