Ұлттық Банк мамырда валюталық интервенциялар жүргізбеді

Ал теңгенің бағамына көбіне ішкі факторлар әсер етті 

Ұлттық Банк мамырда валюталық интервенциялар жүргізбеді Фото: inbusiness.kz

Мамырда теңгенің айырбастау бағамының динамикасына көбінесе ішкі факторлар әсер етті. Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың мамыр айының қорытындысы туралы баяндамасында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мамыр айы – "салық" айы саналады. Сондықтан экспорттаушылардың тоқсандық салық төлемдерін төлеу үшін валюталық түсімді конвертациялауы бағамның бір айда 1 АҚШ доллары үшін 447,71 теңгеге дейін 1,2%-ға нығаюына айтарлықтай әсерін тигізді", делінген баяндамада.

Ондағы ақпарат бойынша мамырда трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан валютаны сату көлемі 800 млн АҚШ долларын құрады. 

БЖЗҚ-ның валюталық үлесті қолдау аясында валютаны сатып алу бойынша операциялары 240 млн АҚШ долларын құраған. Ал валюталық интервенциялар жүргізілмеген. 

Баяндамада айтылғандай квазимемлекеттік сектор субъектілері өз кезегінде валюталық түсімнің бір бөлігін ішкі нарықта сатуды жалғастыруда. Міндетті сату көлемі мамырда 323 млн АҚШ долларын құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу