Ұлттық банк наурызда 990,5 млн долларға валюталық интервенция жүргізген

1192

Бұл айда әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты қаржы нарықтары тым құбылмалы болды.

Ұлттық банк наурызда 990,5 млн долларға валюталық интервенция жүргізген

Ұлттық банк наурызда теңге бағамын тұрақты ұстап тұру үшін 990,5 млн долларға валюталық интервенция жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сыртқы күтпеген өзгерістердің ел экономикасына ықпалының алдын алып, ішкі валюта нарығындағы теңгерімді ұстап тұру үшін наурыздың бірінші жартысында Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізді. Айдың соңында оның көлемі 990,5 млн доллар немесе биржалық сауда-саттықтағы жалпы көлемнің 29%-ға тең болды", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін наурызда 890,9 млн долларға валюта сатылды. Ұлттық банктің валюталық интервенциясы мен Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 55%-ына тең. 

"Ұлттық банк БЖЗҚ мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлардың зейнетақы активтері үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүргізген жоқ", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар геосаяси шиеленіс салдарынан 2022 жылғы 15 наурызда теңге бағамы ең жоғары деңгейге жетіп, бір доллар 512,17 теңге болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу