Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшіп келеді

702

Қаржылық басқарушы ұйымының бас кеңсесі 1 шілдеден бастап елордада қызметіне кірісуге тиіс.

 Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшіп келеді

Ұлттық банк ақыры Алматыдан Нұр-Сұлтанға толық қоныс аударатын болды. Бүгін оған құқық беретін құжатқа Президент Қасым-Жомрат Тоқаевтың қол қойғаны мәлім болды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Бұйрық 10 сәуірде шығарылыпты. Оған сәйкес, қаржылық басқарушы ұйымының бас кеңсесі 1 шілдеден бастап елордада қызметіне кірісуге тиіс.

Жалпы Ұлттық банкті көшіру жайында әңгіме соңғы 10 жылдан бері көтеріліп келді. Тіпті 2013-2015 жылдары онда төраға міндетін атқарған Қайрат Келімбетов журналистермен өткен брифингтің бірінде Астана мен Алматы ортасында ұшақпен қатынап жұмыс істеу өте қиын деп мұңын шаққаны есте. Одан кейін 4 жыл Данияр Ақышев көшу процесі туралы ләм-мим демей отырды. Ал 2019 жылдың ақпанда Бас банкир креслосына Ерболат Досаев жайғасып, бұл мәселе қайта көтерілген. Нәтижесінде, енді Алматы қаржы орталығы статусынан толық айырылды. Оның үстіне, биыл бас қаржы институтының құрамынан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бөлініп шыққан. Оның ресми қызметі 1 қаңтарда Нұр-Сұлтанда басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу