Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшуі мүмкін

891

Әзірге нақты қай ғимаратқа көшірілетіні белгісіз.

Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшуі мүмкін

Алдағы уақытта Ұлттық банкті Алматыдан елордаға көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді. 

"Ұлттық банктің өз кеңсесі болу керек, бірақ бұл біраз уақытты алады, сондықтан әлі қалай көшетінімізді талқылап жатырмыз",– деп жауап берді ол журналистердің сұрағына.

Ерболат Досаев қаржы реттеушісінің ЭКСПО аумағындағы ғимараттарға орналаспайтынын айтты. Себебі ол АХҚО-ға берілген, ал банк жеке, бөлек аумаққа орналасуды көздеп отыр.

Ұлттық банктің жанынан жаңа агенттік құрылып, оның жұмысын қайта ұйымдастыру көзделіп отыр. Яғни, Ұлттық банктің бірқатар функциясы мен өкілеттіктері жаңа агенттікке ауысады. Досаевтың айтуынша, штаттағы шамамен 500 адам осы агенттікке ауыстырылады. Сондай-ақ ол агенттіктің Алматы қаласында жұмыс жүргізетінін тілге тиек етті.

Ал мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин болашақта бас банкті Нұр-Сұлтан қаласына көшіру жоспарда бар ма деген сұрақ қойды. Бұл сұраққа Ұлттық банк төрағасы "Ондай жоспарымыз бар" деп жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу