Ұлттық банк онлайн-кредиттеудің қауіпсіз үлгісін жасамақ

560

Ұлттық банк онлайн-кредиттеудің қауіпсіз үлгісін жасамақ

Ұлттық банк халықты өсімқорлықтан нақты қорғауды қамтамасыз ететіндей онлайн-кредиттеуді реттеу қажет деп есептейді. Бұл жөнінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Ұлттық банк басшысының сөзінше, бүгінгі күні халыққа кредитті валюталар мен кредиттің мөлшерлемесі бойынша қандай да бір шектеусіз бәрі бере алады. Банктік кредиттер және МҚҰ кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 56%-дан аспауға тиіс, онлайн-кредиттер бойынша ешбір шектеу жоқ, сондықтан олар жылдық 700%-ға және 900%-ға дейін жетеді.

"Тәуекелдерді түсінбей не ақшаны тез алу ниетімен қарызды алған біздің азаматтардың - қарыз алушылардың саны 236 мың адамға жетті. Орташа алғанда онлайн-кредиттер бойынша қарыз алушылардың саны 3 ай сайын 26%-ға өседі, осындай қарқынмен 2020 жылы ол 1 млн адамнан асады, бұл кең ауқымды әлеуметтік топты білдіреді. Онлайн-кредитті алған және оны өтеумен байланысты елеулі проблемалары бар азаматтарда заң тұрғысынан еш бір қорғаныш жоқтығын түсіну қажет", - деп атап өтті Ақышев.

Ол Ұлттық банк заңнамадағы осы кемшілікті жою және осындай қарыздарға қызмет көрсету азаматтардың қаржылық жағдайына қауіп төндірмейтіндей және олардың онлайн-кредиторларға тәуелділігін арттырмайтындай шектеу енгізу қажет деп есептейді.

"Мөлшерлеме жылдық 100%-дан аспауға тиіс, ал қарыз тек қана теңгемен және
1 жылдан аспайтын мерзімге берілуге тиіс. Және тағы бір маңызды талап, егер онлайн-қарыз шарты мен көрсеткен өлшемшарттардың біріне де сәйкес келмесе, онда осындай қарыз заңсыз деп танылуы мүмкін және қажеттілігі кезінде сот тәртібімен расталуы мүмкін", - деді Данияр Ақышев.

Түсіндірмесін қорытындылай келе Данияр Ақышев Ұлттық банк халық кредиттік тәуелділікке түсуі мүмкін болатын онлайн-кредиттеудің үлгісі Қазақстанда таралмауына жол бермеу мақсатында тиісті түзетулерді енгізіп отыр деп атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу