Ұлттық банк онлайн режимінде сатып алу мен сатуға ыңғайлы мобильді қосымша әзірледі

923

 Ұлттық банк онлайн режимінде сатып алу мен сатуға ыңғайлы  мобильді қосымша әзірледі

Ұлттық банк жуырда қор биржасының онлайн сауда платформасын халыққа ұсынады, деп хабарлайды nationalbank.kz.

Ұлттық банк жаңа технологияны – халықтың бағалы қағаздарды "блокчейн" базасында сатып алу және сату операцияларын жасауы үшін мобильді қосымшаны әзірлеуді аяқтауда. Пилоттық жобада ұлттық банктің қысқа мерзімді ноттарын пайдалану қарастырылуда. Ұсынылатын шешім брокерлер мен дилерлер арқылы делдалдардың көмегінсіз азаматтарға ұлттық банктің ноттарын мобильді телефоннан онлайн режимінде сатып алуға және сатуға мүмкіндік береді. Ешқандай салық пен комиссия қажет емес. Абсолютті өтімділік және иелену мерзімдері бойынша ешқандай шектеу жоқ. Бір ноттың номиналдық құны 100 теңге мөлшерінде айқындалатын болады, бұл шамалы жинақ ақшаның өзін инвестициялау үшін пайдалануға жағдай жасайды. 

Мобильді қосымшаның көмегімен әрбір қазақстандық еліміздегі әртүрлі компаниялардың құнды қағаздарын "блокчейн" базасы негізінде сатып ала алады. 

"Ұсынылған онлайн қызмет ұлттық банктің банкноттары мен компаниялардың акцияларын сатып алуға немесе сатуға мүмкіндік береді. Ел азаматтарына ешқандай шектеулер қойылмайды. Нарықтың онлайн валютасының біреуі 100 мың теңгеге бағаланып отыр", - делінген Ұлттық Банк мәлімдемесінде.

Ресми ақпаратқа орай, аталған мобильді қосымша 2017 жылдың екінші жартысында іске қосылмақ. Болашақта компания акцияларынан бөлек, облигациялар мен фьючерстер де онлайн қор нарығында саудалануға берілмек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу