Ұлттық банк Өтемұратовтың ұлына Kassa Nova банкінің ірі жанама қатысушысы мәртебесін алуға келісімін берді

1170

Ұлттық банк Өтемұратовтың ұлына Kassa Nova банкінің ірі жанама қатысушысы мәртебесін алуға келісімін берді

Қазақстанның Ұлттық банкінің басқармасы танымал кәсіпкер Болат Өтемұратовтың ұлы – Алидар Өтемұратовқа "Kassa Nova банкі" АҚ-ның ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісімін берді, деп делінген бейсенбі күні қаржы реттеушісінің сайтында жарияланған ақпаратта. Алидар Өтемұратов бұған дейін "Altyntau Resources" АҚ-да ("Казцинк" АҚ еншілес кәсіпорны) басшылық қызмет атқарған.

Қазіргі таңда ол "Green Apple" компаниясының инвестициялық тобын басқарады және "Cellwize SON" басқарма мүшесі әрі ортақ иесі. Сонымен қатар Цеснабанк басқармасы Нұржан Жанабековке "Казинвестбанк" АҚ-ның ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісімін берді. Қаулылар  2016 жылы 28 қазанда қабылданған.

Нұржан Жанабеков Казинвестбанктің директорар кеңесінің төрағасы болып табылады. Kassa Nova банкі 2009  жылы құрылған.  Мемлекеттік қаржы реттеушісінің мәліметі бойынша, банк 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша  активтерінің көлемі жағынан  қазақстандық 35 банктің арасында  25-орынды иеленген.  Кәсіпкер Болат Өтемұратов банктің ірі қатысушысы болып саналады. Казинвестбанк 1993 жылы құрылған. Банктің 9,98% тең үлеспен Г.Каппарова, Б.Әбілқадыров, М.Әлмағамбетов, С.Бейсенбеков, А.Жақсылықов, А.Ержанов, Н.Қайырбеков, Е.Қалижанов, Л.Тілеубаева., 7,15% үлеспен – Б.Черношвец акционер болып табылады. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша  21 орында тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу