Ұлттық банк өткен аптада 420 млн долларға валюталық интервенция жүргізді

976

Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары 198,9 млн АҚШ долларын немесе бір күнгі сауда-саттықтағы жалпы көлемнің 94,4%-ын құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz бас банк мәліметіне сүйеніп.

Ұлттық банк өткен аптада 420 млн долларға валюталық интервенция жүргізді

Әлемнің қаржы нарығындағы жағдай әлі де болса құбылмалы болып тұр. Ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануына жол бермеу үшін 9 наурызда Қазақстан қор биржасында доллар-теңге жұбы бойынша сауда-саттық Франкфурт аукционына сай өткізілді, оның қорытындысы бойынша Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары 198,9 млн АҚШ долларын немесе бір күнгі сауда-саттықтағы жалпы көлемнің 94,4%-ын құрады.

Сыртқы күтпеген өзгерістердің ел экономикасына қарай ауысуын болдырмау үшін және ішкі валюта нарығындағы балансты қолдау мақсатында Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізеді. Өткен аптада олардың көлемі 421,9 млн АҚШ долларын немесе биржалық сауда-саттықтың жалпы көлемінің 59,2%-ын құрады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату өткен аптада 240,2 млн АҚШ долларына шықты. Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары мен Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 92,9%-ын құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу