Мемлекет басшысының Өкімімен Олег Смоляков Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
«Олег Александрович Смоляков Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды»,– делінген хабарламада.
Сондай-ақ Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне, Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасарлығына тағайындалса, Әлия Мейірбекқызы Молдабекова Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болды.