Мәлімдемеде бүгін сауда-саттық Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат 15-00-де Франкфурт аукционы форматында ашылатыны хабарланды.
"Бұл шаралар уақытша сипатқа ие, белгісіздіктің жоғары дәрежесін және сыртқы геосаяси факторлар тарапынан валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа көрсетілетін қысымды барынша азайту қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қоса, сыртқы қаржы нарықтарындағы қазіргі сәттегі аса айқындалмаған жағдайлардың өзгеруіне қарай Ұлттық Банк "Қазақстан қор биржасы" АҚ-мен бірлесіп 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15-00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты толық тоқтата тұру туралы мәселені қарауы мүмкін", – деп жазылған мәлімдемеде.
Теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақытылы жеткізілетін болады.