Осылайша Үкімет пен Ұлттық банк қордан алынатын нысаналы трансферт көлемін заң аясында шектейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Нысаналы трансфетті кез келген жобаға бөле беруге болмайды. Бұл әлеуметтік-экономкалық әсері үлкен, ұлттық деңгейдегі жоба болуы шарт. Қаржы және Ұлттық экономика министрлігімен осы бюджет ережелерінің кепілдендірілген трансфертке ғана емес, Ұлттық қордан алынатын бүкіл қаржыға қатысты қолдану туралы мәселені талқылап, келісімге келдік", – деді Тимур Сүлейменов.
Енді қаржыны кез келген дағдарыстық жағдайда алуды шектейтін бюджет ережесі нысаналы да, кепілдендірілген де трансфеттерге қолданылады. Әзірге нақты шегі белгіленбеген.
Төрағаның мәліметінше, нысаналы трансферт шегі қаңтар айының соңына дейін анықталады.