Ұлттық банк: Рубль долларға қатысты шамамен 15%-ға нығайды

532

Бас банк рубльдің теңгеге қатысты қымбаттауын осылай түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық банк: Рубль долларға қатысты шамамен 15%-ға нығайды

"Рубльдің шетел валюталарына, оның ішінде АҚШ долларына қатысты қарқынды түрде нығаюы импорттың айтарлықтай төмендеуімен қатар капитал қозғалысын бақылау үшін енгізілген шаралар аясында орын алып отыр. Маусым айының басынан бастап рубль долларға қатысты шамамен 15%-ға нығайды. Рубль/теңге бағамын белгілеуде ең алдымен теңге мен рубльдің долларға қатысты жеке қалай әрекет қылатыны әсер ететінін атап өткім келеді. Рубль әлемдік нарықта долларға қатысты нығайып келеді, сондықтан рубль/теңге бағамының өсуі жалғасуда", – дейді Ұлттық Банктің монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Иван Сердюк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу