Ұлттық банк салымшыларға таңдау ұсыну бастамасын қолдайды

951

Ұлттық банк салымшыларға таңдау ұсыну бастамасын қолдайды

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-да бірқатар өзгерістер болады, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында.

 "БЖЗҚ-дағы кемшіліктерді жоямыз, ақшаны пайдалану бойынша ішкі бақылау жүйесін күшейтеміз", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның сөзінше, инвестиция салу моделін таңдауда бәсекелестік принциптерін қалпына келтіргендей, зейнетақы активтерін басқару институттарын да бір жүйеге келтіру керек.

"Қазір салымшылардың алдында таңдау жоқ. Зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ға аударылады. Зейнетақы қаржыларын басқаратын ұйымы мен инвестициялық стратегия таңдау мүмкіндігі  қарастырылмаған. Мемлекет салымшылар үшін  барлығын өзі реттеп, тәуекелге барады. Сондықтан  біз, зейнетақы активтерін басқару функциясын жеке немесе шетелдік компанияларға беру туралы Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ұлттық банк зейнетақы активтері нарығында бәсекелестік болуын, салымшыларға таңдау ұсыну мәселесін қолдаған. Біз осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз", -деді Д.Ақышев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу