Ұлттық банк: сәуір айында 2,8 мың алтын құйма сатылды

942

2021 жылдың сәуір айында қазақстандықтар екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 94,5 кг 2 767 құйма сатып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ұлттық банк: сәуір айында 2,8 мың алтын құйма сатылды

Ұлттық банк халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы қолға алған болатын. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері жалпы салмағы 1,88 тонна 52 967 алтын құйма сатылыпты.

Алтын құймалардың бес түрі ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы іске асырылғалы халық арасында ең көп сұранысқа ие болғаны – 10 грамдық құйма. Жалпы сатылымдағы оның үлесі 31% – 16 074 дана. Одан кейін 100 грамдық құйма – 11 669 дана (22%) және 20 грамдық құйма – 11 275 дана (21%), 5 грамдық құйма – 8 072 дана (15%), 50 грамдық құйма – 5 877 дана (11%). Негізінен өлшенген құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу