Ұлттық банк шешім қабылдауда кешігіп қалды - Данияр Ақышев

964

Ұлттық банк шешім қабылдауда кешігіп қалды - Данияр Ақышев

Қазақстанның бас банкі банк секторындағы мәселелерге байланысты нақты шешімдер қабылдауда кешігіп қалды. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды Интерфакс.  
"Үкіметтің кеңейтілген отырысында елбасы әділ сын айтты. Ұлттық банк банк секторындағы 2008-2009 жылдардан бері қордаланып қалған проблемаларға байланысты шешім қабылдауда едәуір кешігіп қалғаны белгілі", - деді Ақышев онлайн-конференцияда .
Оның сөзінше, статистикалық мәліметтерге сүйенсек банктердің проблемалы қоржындарының 90 пайызы 2006-2015 жылдары берілген.  
Жақында үкіметтің кеңейтілген отырысында елбасы Ұлттық банктің қаржылық институттардың жағдайы мен жұмысын бақылауына байланысты сын айтып, барлық банкке жаппай мемлекеттік қолдау көрсетуді тоқтатуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу