Ұлттық банк шетел валюталарының теңгеге шаққандағы ресми бағамын жариялады

Күндізгі саудада теңге аздап құнсызданды.  

Ұлттық банк шетел валюталарының теңгеге шаққандағы ресми бағамын жариялады Фото: inbusiness.kz

2023 жылғы 14 шілдедегі ресми валюта бағамдары:

  • доллар – 443,40 теңге;
  • рубль – 4,92 теңге;
  • еуро – 494,83 теңге.

Айта кетейік, АҚШ валютаның 13 шілдедегі ресми бағамы 440,55 теңге.

Kurs.kz дерегінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 444,43 теңге, сату – 446,52 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америка валютасы орта есеппен 442,93 теңгеден сатып алынып, 446,99 теңгеден сатылуда.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 2,53 теңгеге көтеріліп, 443,40 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы долларға 440,55 теңгені құрайды. Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 443,96 теңге, сату – 446,00 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 443,16 теңгеден сатып алынып, 447,26 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу