2022 жылы көрсеткіш мамырда ғана жоғары болды (209,3 млрд теңге). Биыл шетел валютасына сұраныс артуда. Мәселен, қазан айымен салыстырғанда өсім 24,2%-ды құрады.
Алайда 2021 жылдың қарашасында АҚШ валютасының таза сатылымы 295,5 млрд теңгені құрады. Яғни, бір жыл ішінде таза сұраныс 30,8%-ға төмендеді.
Оның үстіне ол кезде бағам бір доллар үшін 430 теңге шамасында болса, қазір 463,8 теңгені құрап отыр.
Ал жалпы алғанда, жылдағы сұраныс былтырғы деңгейден артта қалып отыр. 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында доллардың таза сатылымы 1 трлн 658,3 млрд теңгені құрады. Биылғы жылдың 11 айында көрсеткіш 62,7 млрд теңгеге аз. Ал өткен жылдың желтоқсан айындағы жоғары көрсеткіштерді (378,4 млрд теңге) ескерсек, бұл айырмашылықтың орнын толтыру екіталай.