Ұлттық банк шетел валютасындағы операцияларға араласты деген ақпаратты жоққа шығарды

822

Шетел валютасындағы келісімдерді шектеп отыр деген ақпаратты Ұлттық банк жоққа шығарды, деп хабарлайды Atameken Business.   

Ұлттық банк шетел валютасындағы операцияларға араласты деген ақпаратты жоққа шығарды

Бұған дейін, Блумберг агенттігі Қазақстанның бас қаржы реттеушісін кейбір операцияларға негізсіз араласуда деп айыптаған. Халықаралық ақпарат көзі өз сараптамасында мұнайдың арзандауынан валютаның құлдырауын болдырмау үшін Ұлттық банк осындай қадамға барды деген.  Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңгенің еркін айналымда екенін және ақша саясатының өзгермегенін мәлімдеді. Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектордағы компаниялар валюталық операцияларды Ұлттық банкпен келісу керектігін де ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу