Ұлттық банк еліміздегі төтенше жағдайда шығынға батқан шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті, деп мәлімдеді Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мәдиев.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнесті қолдау шараларына қаржылық реттеушілер де қатысуда. Осылайша Ұлттық банк ШОБ субъектілеріне жеңілдікпен несие беруге арналған жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Оның аясында төтенше жағдайдан жағдайы нашарлаған кәсіпкерлер несие алады. Бұл мақсатта 600 млрд теңге бөлінді. Қаржы айналымдағы ақшаны толықтыру үшін 8%-дық мөлшерлемемен 1 жылға дейінгі уақытқа беріледі", – деді вице-министр.
Құралай Құдайберген