Ұлттық банк SMS-хабарлар арқылы таратылатын вирустан сақтандырды

1236

 Ұлттық банк SMS-хабарлар арқылы таратылатын вирустан сақтандырды

Қазақстанның ұлттық банкі бірқатар елдерде Android операциялық базасында орнатылған мобильді банктік қосымшаларға заңсыз қол жеткізу бөлігінде қауіп төндіретін зиянкес бағдарламаның таралғанын хабарлады. 

"Бұл вирус суреттер немесе өзге де мультимедиялық файлға сілтеме берілген SMS-хабарлар арқылы таратылады". – деп түсіндірді Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

ҚР ұлттық банкі интернетке/мобильді банкингке заңсыз қол жеткізетіндерден сақтану үшін мобильді телефонға хабар келген кезде келесідей шараларды қабылдауға кеңес береді: 

"Біріншіден, келіп түскен хабарларды мұқият қарап, белгісіз адресаттардан келген сілтемені ашпау керек. Белгілі адресаттардан сілтеме алған кезде және вирус деп күдіктенсеңіз (бұған дейін бұл адресат мұндай тақырыпқа сілтеме жібермесе), сілтемені ашпағаныңыз жөн. Мобильді қондырғыға келіп түскен белгісіз бағдарламаларды орнату және (немесе) оларға қосымша құқық беру туралы хабарларға рұқсат бермеген дұрыс", —деп кеңес береді елдің орталық банкінің қауіпсіздік қызметкерлері. 

Сонымен қатар, вирусқа қарсы сенімді бағдарламаны пайдалану, оны және операциялық жүйені үнемі жаңартып отыру қажет. 

"Өзіңіз қызметтерін пайдаланатын банктердің сайтын не жаңалықтар жолағы арқылы әлеуетті қауіп пен олардың алдын алу әдістері туралы мәліметті үнемі қадағалап отырыңыз; төлем карточкалары және банктік шоттар (PIN-код, карточканың сырт жағындағы СVV код, Интернеттегі/мобильді банкингтегі пароль) бойынша конфиденциалды мәліметті (деректемелерді) үшінші тұлғаларға бермеңіз", — деп ескертеді Ұлттық банк. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу