Ұлттық банк соңғы бір жылда екі рет интервенция жүргізді

964

Ұлттық банк соңғы бір жылда екі рет интервенция жүргізді

ranking.kz сараптамалық порталының жазуынша, шілде айында Қазақстан банктері жеке тұлғалардан 782,6 млрд теңге көлемінде мерзімді және шартты салымдар қабылдаған. Бұл өткен жылдың шілдесінде көрсеткішпен салыстырғанда 14,8%-ға аз, деп хабарлайды abctv.kz. 
Ал ішкі валюта нарығында шетел валютасына деген сұраныстың арта түскен. Жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық банкке соңғы 12 ай ішінде екінші рет интервенцияға жүгінуге тура келді. 2017 жылдың тамыз айында реттеуші ұйым валюта нарығында 70 млн долларды сатқан. 
Жеке тұлғалар үшін валюталық тәуекелдерді сақтандырудың бір ғана қолжетімді тәсілі бар. Ол – мультивалюталық депозит. Бұл ретте Қазақстан банктерінің тек алтауы ғана өз клиенттеріне салымдарды мультивалюталық депозитте сақтауға мүмкіндік беріп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу