Ұлттық банк спорт сериясындағы коллекциялық монеталарды сатуға шығарады

126

11 сәуірден бастап "Қазақстанның футбол федерациясы" және "Қазақстанның футбол клубтары" атты коллекциялық монеталар интернет-дүкен арқылы сатылымға шығарылады.    

Ұлттық банк спорт сериясындағы коллекциялық монеталарды сатуға шығарады Фото: nationalbank.kz

"Қазақстанның футбол клубтары" монетасы  Ұлттық Банк пен Қазақстан футбол федерациясының бірлескен жобасы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Монеталарда 2024 жылғы маусымдағы ҚР премьер-лигасындағы клубтардың логотипі бейнеленген.

Барлығы 13 түрлі "Қазақстанның футбол клубтары" монеталары: мельхиор қоспасынан, brilliant uncirculated сапасында жасалған.

Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, таралымы – әр түрі 7 000 данадан, номиналы – 200 теңге.

Ал, "Қазақстанның футбол федерациясы" монетасында Қазақстан Футбол Федерациясының логотипі бейнеленген.

Олар да мельхиор қоспасынан, brilliant uncirculated сапасында жасалған. Номиналы – 200 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу