Ұлттық банк тағы да БЖЗҚ ақшасын жаратуы мүмкін

794

Ал қорда қазір қаражат тапшы. 

Ұлттық банк тағы да БЖЗҚ ақшасын жаратуы мүмкін

Ұлттық банк тағы да зейнетақы қорындағы ақшаны қажетіне жаратуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Депутаттардың осылай деп дабыл қағуының өз жөні бар. Мәжілісмен Гүлжан Қарақұсованың сөзінше, зейнетақы қорының активтерін қазір Ұлттық қордың басқарма кеңесі басқарып отыр. Ал қорда қазір қаражат тапшы. Осылайша, өз мәселесін шешу үшін, зейнеткерлердің ақшасын пайдалануы мүмкін дейді депутат.

Зейнетақы қорына жиналған қаражат сақталып қана қоймай, өсуі қажет. Яғни кіріс жыл сайынғы инфлациядан төмен болмауға тиіс.

Ал Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков азаматтардың өз қаражаттарын басқара алатындай жүйе енгізу бойынша үкіметпен бірлесе жұмыс атқарылып жатқандығын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу