Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыру үшін 240 млн доллар жұмсаған

914

Оның айтуынша, елдегі соңғы жағдайлардан соң бизнес және халық тарапынан шетел валютасына сұраныс артқан.

Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыру үшін 240 млн доллар жұмсаған

Ұлттық банк теңгені тұрақтандыру үшін 240 млн доллар жұмсады. Бұл туралы ҰБ төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ұлттық банкке сілтеме жасап.

"...Қаржылық тұрақтылық тәуекелдеріне және тұрақсыздандыратын ауытқуларға жол бермеу үшін Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізді. 12-13 қаңтарда олардың көлемі 240 млн долларды немесе сауда-саттықтың бүкіл көлемінің 50% жуығын құрады. Жыл басынан бастап 13 қаңтар аралығында шетел валютасына сұраныстың артуы аясында теңге бағамы 433,67 теңгеге дейін 0,5% әлсіреді", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары kapital.kz-ке берген сұхбатында.

Әлия Молдабекова бүгінде валюта нарығындағы жағдай тұрақталғанын жеткізді.

"Қаржы нарығының жұмысы толық қалпына келтірілді, операциялар штаттық режимде жүргізіліп жатыр", - деді басшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу