Онсыз да тәлтіректеп тұрған теңге, тіпті, шатқаяқтап кетті. Түске дейін 474 теңгеге дейін құлдыраған ұлттық валюта есін тек түс ауа жиғандай (курсы 460 теңгеге дейін орнықты).
Оған Ұлттық банктің жүргізген интервенциясы ықпал еткені анық. Бүгін реттеуіш құрылым 104 млн АҚШ долларын жұмсап, төл ақшамызды құтқаруға мәжбүр болды.
Пірматов бастаған банкирлер негізгі ставканы да күрт көтерді. Пайыздық мөлшерлеме бірден 13,5 пайыздық дәлізде белгіленді. Енді қаржы секторы мен валюта нарығының қандай жайттарға дайын болғаны жөн?
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу