Ұлттық банк теңге бағамының құлдырау себебін түсіндірді

547

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұл тенденция бірнеше фактор жиынтығына байланысты қалыптасқан.

Ұлттық банк теңге бағамының құлдырау себебін түсіндірді Фото: inbusiness.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің күрт әлсіреу себептерін атады, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Жаһандық инвесторлармен кездесу барысында Тимур Сүлейменов соңғы екі аптада теңгенің әлсіреу себептері туралы сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, бұл тенденция бірнеше фактор жиынтығына байланысты қалыптасқан:

  • АҚШ долларының жаһандық нығаюы (дамыған елдердің валюталар қоржынына қатысты АҚШ долларының индексі қыркүйекте 2,5 пайызға өсті),
  • импорттаушылардың маусымдық сұранысының артуы,
  • базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылданды,
  • квазимемлекеттік сектор үшін валюталық түсімдерді міндетті түрде сату бойынша міндеттемелерді жою.

Мұның бәрі қысқа мерзімді әлсіреуге ықпал етті, дегенмен Сүлейменовтің пікірінше, іргелі факторлар тұрғысынан мұнай бағасының көтерілуі және төлем балансының жалпы жағдайы теңгені тұрақтандырушы әсерге ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу