Ұлттық банк теңге бағамының төмендеуіне қатысты пікір білдірді

759

Ұлттық банк теңге бағамының төмендеуіне қатысты пікір білдірді

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов KASE биржасындағы теңге бағамының күрт төмендеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз Ұлттық банк сайтында күн сайын дамушы нарықтар валютасының құбылмалылығын орналастырып отырамыз. Онда бразилиялық, мексикалық бар. Ол жерде кез келген жағына ауытқу көрініп тұр, 4 пайызға дейін жетеді. Сондықтан да бұл девальвация емес. Бұл белгілі бір валюталық нарықтағы бағамның ауытқуы ғана", - деді Алпысбай Ахметов үкімет отрысы аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, валюта бағамының ауытқуы іргелі факторларға байланысты болса, онда Ұлттық банк интерванция жүргізбейді.

"Егер теңге бағамының ауытқуы іргелі факторлармен байланысты болмаса, онда интерванция жасаймыз. Айталық, кейде сарапшылар ауытқуды кейбір саяси оқиғалармен байланыстырып пікір білдіріп жатады", - деді ол.

Сондай-ақ, Алпысбай Ахметов бұл мәселеде барлығы да сұраныс пен ұсыныс арқылы айқындалатындығын баса айтты.

"2015 жылдың тамызынан теңге еркін құбылмалық бағам енгізді. Яғни, Ұлтық банк валюталық нарыққа араласпайды. Тек іргелі факторлар жағдайында ғана қатысады. Сондықтан да барлығы да сұраныс пен ұсыныс арқылы айқындалады", - деп атап өтті ол.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу