Ұлттық банк теңгенің 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталар шығарады

1944

15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасына 30 жыл толады.

Ұлттық банк теңгенің 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталар шығарады Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық Банкі 6 қарашада "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан TEŃGEGE 30 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасына 30 жыл толады. Әр елдің ұлттық валютасы – тәуелсіздік пен егемендіктің белгісі, мемлекеттегі ақша жүйесінің негізі саналады.

"TEŃGEGE 30 JYL монетасының дизайны цифрлық технологияларды дамыту тұрғысынан "₸" теңге белгісін пайдалануға негізделген. Белгінің сол жағындағы ою-өрнек даму мен өркендеуді, сондай-ақ ұлттық болмыс пен нақышты білдіреді", делінген хабарламада.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Теңге сарайында дайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу