Ұлттық банк теңгенің құнсыздануына байланысты түсініктеме берді

936

Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың жаңа штамының пайда болуы туралы жаңалықтар әлемдік қаржы нарығына әсер етті.

Ұлттық банк теңгенің құнсыздануына байланысты түсініктеме берді

ҚР ҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов дамушы елдердің энергия тасымалдаушылары мен валюталары нарығындағы жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Оңтүстік Африкада коронавирустың жаңа штамының табылуы және бірқатар елдердің әуе қатынасына тыйым салуы өткен жұмада мұнай бағасына, акциялары бағасын төмендетіп, дамушы елдердің валюталарын құнсыздандырды", – деді сарапшы. 

Әлемдік ақпарат құралдары Оңтүстік Африка штамы үш күннен бері ғана жаза бастады, алайда " омикрон" Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алаңдаушылығын туғызып отыр. Себебі індеттің бұл нұсқасы жұқпалылығы және қолда бар вакциналарға төзімді көрінеді. Соған сәйкес Ұлыбритания, Сингапур, Австрия, Израиль, Гонконг ОАР-дан келген рейстерді уақытша қабылдауды тоқтатты. Еуропалық комиссия бүкіл Еуропалық Одақта да осындай шара қабылдамақ. 

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптаның дүйсенбісінен бастап Еуропаның үш елінде коронавирус инфекциясымен ауырудың күрт өсуіне байланысты локдаун жарияланды. 

"Жаңа шектеу шаралары салдарынан отынға деген сұраныстың күрт төмендеуі мүмкін деген болжамдардан соң Брент сұрыпты мұнайдың баррелі 82,2 доллардан 72,7 долларға дейін 11,6%-ға құлдырады. Қаржы нарықтарындағы кейінгі тәуекелдер акция нарығын да ықпал етті. Жұмада Eurostox 50 акцияларының еуропалық индексі 4,8%-ға, Nikkei жапон индексі 2,5%-ға құлдырады, S&P 500 Америка индексі 2,3%-ға төмендеп жабылды", – деді ҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры.

Мұнай бағасының құлдырауы мен Украина төңірегіндегі геосаяси белгісіздіктің өсуі салдарынан 26 қарашада Ресей валютасы бір доллар үшін 74,6 рубльден 75,6 рубльге дейін 1,2%-ға әлсіреді. Жалпы алғанда, қарашаның басынан бастап дамушы елдердің валюта индексі 4,6%-ға төмендеді. Ал АҚШ долларының DXY индексі дамыған елдердің валюталарына қарағанда 2,1%-ға нығайды.

Бүгінде Moderna мен Pfizer фармацевтикалық компанияларының вакциналарын қысқа мерзімде жаңа штамға бейімдеу мүмкіндігі туралы ақпараттар аясында нарықта біршама түзетілу байқалады. Мәселен, Брент сұрыпты мұнай бағасы баррелі үшін 74,96 долларға дейін 3,08%-ға өсті.

"Сыртқы нарықтардағы келеңсіздіктер мен мұнай бағасының құлдырауына жауап ретінде бүгін теңге бір доллар үшін 433,50 теңгеге дейін немесе жұмадан бастап 0,4%-ға әлсіреді. Мұнайдың бұдан кейінгі серпіні көбіне 2 желтоқсанға жоспарланған алдағы ОПЕК+ кездесуіне байланысты болады. Сонымен қатар сарапшылар Covid-19 жаңа штамы таралуының ықтимал теріс әсерін бағалауы керек. Егер өндіру қарқынын тоқтата тұру туралы шешім қабылданатын болса, онда бұл мұнайдың бағасына және экспорттаушы елдердің валюталарын нығайтады", – деп түйіндеді ҰБ өкілі. 

Жаңа штамм айналасындағы белгісіздік штамның жұқпалылық, өлім-жітімге әкелу деңгейін және ең бастысы, осы штамға қарсы вакциналардың тиімділігін анықтауға тиіс ресми тестілеу нәтижелері пайда болғанға дейін сақталады деп санаймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу