Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты.
"Қазан айында теңге бағамы долларға қатысты 1 доллар үшін 468,2 теңгеге дейін 1,7%-ға нығайды. Отандық өндірушілердің валюталық түсімін ұлғайту теңге бағамына қолайлы әсер етіп, икемді бағам белгілеу валюта нарығының теңгерімділігін арттырады. Икемді бағам белгілеу валюта нарығының жұмыс істеу тиімділігін арттыруға және халықаралық резервтерді сақтауға ықпал етеді", - деді спикер.
Биылғы 9 айдың алдын ала қорытындысы бойынша, төлем балансының ағымдағы шоты профицитпен қалыптасып, сауда балансының жақсаруына байланысты 7,9 млрд долларды құрады.
"Сауда балансының профициті өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,9 млрд долларға ұлғайып, 29,3 млрд долларды құрады. Шетелдік тікелей инвесторлардың табысы 3,7 млрд долларға ұлғайып, 20,2 млрд долларды құрады", – деді Берік Шолпанқұлов.