Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Президентке есеп берді

929

Ерболат Досаев зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тетігін іске асыру жөніндегі тапсырманың қалай орындалып жатқанын баяндады.  

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Президентке есеп берді

Мемлекет басшысына биылғы ақпан айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, дүниежүзілік экономиканың қалпына келу перспективалары мен әлемдегі азық-түлік бағасының инфляцияға әсері туралы баяндалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорданың ресми сайтына сілтемемен.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа алтын-валюта резервтерінің жағдайы мен Ұлттық қордың активтерін басқару жайында есеп берілді, сондай-ақ, Ұлттық Банктің ішкі жалпы өнім бойынша жаңартылған болжамдары мен 2021 жылға арналған төлем балансы жөнінде айтылды. 

Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тетігін іске асыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын баяндап, Ұлттық Банктің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстары туралы айтты.

Президент азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығын қолдау шараларын цифрландыру процесін жылдамдатуға атсалысуды тапсырды.

 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу