О. Төлеуов ақша-кредит саясатына, макроэкономикаға, экономикалық-математикалық модельдеуге және т.б. қатысты мәселелерге қатысады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебін, сондай-ақ Ұлттық Банктің магистратурасын бітірген.
О.Төлеуов әр жылдары AERC зерттеу және консалтингтік компаниясында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде бизнес-аналитик позициясынан басқарушы директор лауазымына дейін көтерілді, стратегиялық мемлекеттік және квазимемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысты.
3 жыл бойы Ұлттық Банктің Зерттеулер және статистика департаментінде жұмыс істеді, онда инфляциялық таргеттеу, экономикалық модельдеу және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу мәселелерімен айналысты. Кейінірек барынша танымал және БАҚ-та кеңінен таралған TENGENOMIKA экономикалық телеграм арнасын құрды.
Тағайындалғанға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ вице-президенті қызметін атқарды, ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығының мүшесі болып табылады.